Кремль Тоқаевты күтіп отыр

1957

Қазақстан мен Ресей Президенттері Қытайда кездеспейді. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кремль Тоқаевты күтіп отыр

"Пекинде өтетін Олимпиада барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі жоспарланған жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев іссапармен ақпанда Мәскеуге келеді деп күтіп отырмыз", – деп жауап берген Песков журналистердің сұрағына.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Қытай астанасы Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге баратынын бұған дейін бірнеше рет айтқан болатын. Ол "Хабар" мен "Хабар24" арналарына берген сұхбатында "біз елдеріміздің арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік туралы өте маңызды құжаттарға қол қоямыз" деп мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу