Кремль: Түркияның Қырымға қатысты ұстанымы келіссөздерге кедергі келтірмейді

485

22 шілдеде Ыстанбұлда Ердоған мен Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісімге қол қойылды.

Кремль: Түркияның Қырымға қатысты ұстанымы келіссөздерге кедергі келтірмейді

Түркияның Қырымға қатысты ұстанымы екіжақты ынтымақтастыққа кедергі келтірмейді. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Анкара бұған дейін бұл мәселе бойынша бізбен келіспейтінін айтып келді, бірақ Қырым – Ресей Федерациясының бөлігі. Ердоғанның айтқаны іске аспайды", – деді Песков.

"Бізге тиімді болса, Түркия Республикасымен өзара әрекеттесуге дайынбыз. Түркия Республикасының астық мәселесін шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Мүдде сәйкес келсе, келіссөз жүргіземіз", – деді ол.

Еске сала кетсек, 22 шілдеде Ыстанбұлда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу