Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми жеке кездесу өткізеді.
Мәскеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары басталды. Баспасөз хатшысы атап өткендей, №1 борт Ресей әуе кеңістігіне кірген сәттен бастап салтанатты қарсы алу рәсімі басталды: қазақстандық делегация отырған ұшақты истребительлер мен тікұшақтар қоршап жүрді, ал Внуково әуежайында әскери оркестр мен құрмет қарауылы қарсы алды.
Кейін Кремльде мемлекеттер басшыларының бейресми жеке кездесуі өтеді. Сондай-ақ Ресей Президентінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа кешкі ас беріледі.
Ертеңгі күні Қазақстан Президентінің жұмыс кестесі де өте тығыз. Кремльдегі ресми қарсы алу рәсімінен кейін Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлейді, – деп хабарлады Руслан Желдібай.