Кремльде Путин мен Жапаровтың келіссөздері өтеді

902

Келіссөздерде экономикалық ынтымақтастық мәселелері басты басты назарда болады.

Кремльде Путин мен Жапаровтың келіссөздері өтеді

24 ақпанда Ресей астанасы Мәскеу қаласында Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Vesti.ru басылымына сілтеме жасап. Бұл Жапаровтың мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шетелдік сапары.

Келіссөздерде экономикалық ынтымақтастық мәселелері басты басты назарда болады. Ескере кететін жайт, 2019 жылы қос ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард 870 миллион долларға жеткен. Ал 2020 жылы небәрі 1 миллиард 700 миллион долларға сауда жасалды.Қырғызстанда жинақталған ресейлік инвестициялардың көлемі 200 миллион доллардан асады. 700-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Пандемия кезінде Ресей Қырғызстанға ауқымды гуманитарлық көмек көрсетті. Елге ресейлік дәрігерлер мен вирусологтар тобы жіберілді. 21 қыркүйектен бастап Қырғызстанмен арадағы әуе қатынасы қалпына келтірілді. 8 ақпаннан бастап Мәскеу-Бішкек бағыты бойынша тұрақты рейстер саны үш есе өсті. 

Табиғат Нұрболат

Фото: dailysabah.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу