Кремний алқабының венчурлік инвесторлары Қазақстандағы цифрландыруға қатысады

914

Кремний алқабының венчурлік инвесторлары Қазақстандағы цифрландыруға қатысады

Кремний алқабының венчурлік инвесторлары Қазақстандағы цифрландыруға қатысады. Оның ішінде АҚШ-тағы ірі инвестициялық компанияның негізін қалаушы Лэирд Каган бар, деп хабарлайды 24.kz.

1990 жылғы техникалық өрлеуге байланысты Каган капиталы 500 миллион доллар болатын 15 IT компания құрған. Стэнфорд университетінің түлегі энергетика, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар саласындағы 10 компанияны қаржыландырып, Нью-Йорк қор биржасына шығарған. Стартаптарды құрушы енді Қазақстан экономикасына инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Каган біздің елдің 10 компаниясын Силиконды алқапқа шақырғанын жеткізді.

"Қазақстанда екі мәрте болдым. Қазір сіздің елмен цифрландыру саласында бірлесіп әрекет етіп жатырмыз. Мақсатым – венчурлік инвестор ретінде экономиканы дамытуға атсалысу. "Астана" халықаралық қаржы орталығымен серіктестік орнатуды қалаймыз. Бұл – қызықты жоба. Жалпы қазір қазақстандық іскер топтармен жақсы қарым-қатынас орнаған. Соның бір дәлелі жергілікті 10 компанияны Силиконды алқапқа шақырып отырмыз. Бұл ынтымақтастығымызды тереңдетіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады деп ойлаймын", - дейді Кремний алқабының венчурлік инвесторы Лэирд Каган.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу