"Крещение Господне" мерекесінде суға тусуге тыйым салынды

1155

8 өңірде суға тусу рәсімі өтпейді.

"Крещение Господне" мерекесінде суға тусуге тыйым салынды

19 қаңтар күні "Крещение Господне" христиан мерекесі атап өтіледі.

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 8 өңірде суға тусу рәсімі өтпейтін болды. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында суға шомылу жүргізілмейді", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі мереке қарсаңында.

Қалған өңірлерде суға шомылуға арналған су айдындарында арнайы орындар белгіленді. Шомылу орындарының саны – 106.

Төтеншеліктер шомылу рәсіміне қатысатындарға қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.  

Мерекеде суға шомылуды жоспарлап отырғандар үшін мына қағидаларды сақтауға шақырады:

- тек арнайы жабдықталған орындарда ғана суға түсу қажет;

- ойыққа кірер алдында денені жылытып, жаттығу жасап,  жүгіру керек;

- қауіпсіздік үшін ойыққа кірер алдында резеңке аяқ киім немесе шұлық кию керек;

- суға сүңгу алдында терең дем алып, деміңізді ұстап тұрып суға кіру;

- суға секіру және баспен суға кіруге болмайды, адам ағзасы суықтан шок алуы мүмкін;

    - ағзаңыз тоңбау үшін мұз ойығында 1 минуттан артық болмаңыз.

    - Баламен келген жағдайда, бала шомылу кезінде оны қадағалау қажет.

    - Судан шыққан сәтте сізді орамал мен жамылғышпен біреу қарсы алғаны дұрыс.

    - Судан шыққан кезде өзіңіздің және баланың денесін орамалмен ысқылап, құрғақ киім кию қажет.

    - Суға түскеннен кейін профилактика үшін дәрілік шөптен, жидектен немесе жемістен жасалған ыстық шай ішу қажет.

     Бұдан басқа, еліміздің азаматтарының назарын қыс кезеңінде суайдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғым келеді, бірінші кезекте:

- түнгі уақытта және көрінуі нашар болған кезде мұз үстіне шығуға болмайды;

- мұздың жұқа және бекімеген учаскелеріне шығуға болмайды;

- мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

- мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға болмайды; автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шығуға болмайдыі.

Балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу