"Крещение" мерекесіне орай Астанада арнайы шомылу орындары белгіленді

414

Жаппай шомылу 19 қаңтарда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.

"Крещение" мерекесіне орай Астанада арнайы шомылу орындары белгіленді Фото: gov.kz

18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні православтық христиандардың басты мерекелерінің бірі – “Крещение” мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекелік рәсім Қазақстанның барлық православтық шіркеулерінде басталды. Астанада бұл мереке Успен кафедралды соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Констатино-Еленинский шіркеуінде (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровский шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтеді.

Шомылу рәсімі кезінде барынша қауіпсіз болуы үшін арнайы орындар жабдықталды. Астанада шомылу рәсімі арнайы белгіленген орындарда өтеді.

Астананың жүздеген тұрғыны мен қонақтары жаппай шомылу орындарына жиналды. Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, "Астаналық" саябағының жағалау аймағында (орталық жағажайдың жанында) орнатылған.

Суға шомылу орындары 18 қаңтар күні сағат 20.00-ден бастап суды тазартқаннан кейін 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қолжетімді болды. Жаппай шомылу 19 қаңтарда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.

Діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін ТЖД судан құтқару қызметі мен Астана ПД қызметкерлері қамтамасыз етуде. Шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.

Шомылатын әр орында баспалдақтың қауіпсіздігі, мұздан қорғануға және киім ауыстыруға арналған арнайы жабдықтар қарастырылған. Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлер адамдарды жылыту пункттеріне орналастыруға және медициналық көмек көрсетуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу