Криптобиржалар еліміздегі банктермен өзара іс-қимыл жобасын аяқтады

426

Елімізде криптобиржалар мен екінші деңгейлі банктің өзара іс-қимылы бойынша пилоттық жобасы аяқталды.  

Криптобиржалар еліміздегі банктермен өзара іс-қимыл жобасын аяқтады Фото: businessmir.kz

Бұл туралы Digital Almaty форумында айтылды, деп жазады inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Жоба 2022 жылдың желтоқсанында іске қосылған. Оған 6 криптобиржа мен екінші деңгейлі 8 банк қатысты.Содан бері жалпы айналым 239 млн долларға жетіп, 63 мың транзакция жасалған. Тұтынушылардың саны 53 мыңға жуықтаған. Жоба цифрлық активтерді жергілікті криптобиржаларда қолдануға мүмкіндік береді. Ал шетелдік криптобиржаларда тәуекелдер көп. Бағам құбылып тұрғандықтан, олардың қаншалықты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырғаны белгісіз. Ал бізде оны Астана халықаралық қаржы орталығы реттеп отырады. Яғни бұл тұрғындар мен инвесторлардың активтерінің ақпараттық қауіпсіздігіне белгілі талапқа сай жауап беретіндігіне кепілдік береді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің департамент директоры Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, пилоттық бастама екінші деңгейлі банктер мен криптобиржалардың қарым-қатынасы бойынша жобаның қабылданғанымен аяқталды. Бұл қазақстандық криптобиржалардың сауда-саттықпен айналысуына мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу