Криптобиржаны заңдастыруға басымдық беріледі

1182

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай мәлімдеді.  

Криптобиржаны заңдастыруға басымдық беріледі

Министр Қазақстан криптобиржадан табыс табуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Astana" халықаралық қаржы орталығының базасында криптобиржа құру мүмкіндігін жасаймыз. Осыдан кейін толық шеңбер пайда болады. Биткойнды осы елде өндіргендер біздің биржа арқылы сататын болады. Осылайша криптобиржадағы саудадан салық аламыз", – деді Бағдат Мусин. 

Министрдің түсіндіруінше, майнингке 1 кВТ-қа 1 теңге төлем бекіту табыс әкелетін жоба емес. Мұндағы барлық түсім 5 млрд теңгені ғана құрауы мүмкін. 

"Біз криптобиржаны заңдастыруға басымдық береміз. Осында өндірілген криптовалюта біздің биржа арқылы сатылуға тиіс.  Ол үшін "Astana" халықаралық қаржы орталығының алаңы дайын тұр", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу