Криптовалюта бағамы 7,5 мың доллардан асты

742

Цифрлы ақшаның құны көтеріліп келеді. Бүгінде криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрайды.

Криптовалюта бағамы 7,5 мың доллардан асты

Күн санап цифрлы ақшаның құны қымбаттап келеді. Екі айдан бері алғаш рет криптовалютаның курсы 7 мың 500 доллардан асып жығылды. Бүгінде биткоин 8 мың долларды құрайды, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай күрт өсімге бірнеше жағдай әсер еткен. Оның бір себебі биткоинға қатысты толыққанды "И-Ти-Эфтің" жүзеге асырылуы және жапон үкіметінің цифрлы нарықты тұрақтандыруға қатысты жаңа ұстанымы.

Ресми деректерге сәйкес, криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрайды. Оның ішінде интернеттік валютаның 45,5 пайызы биткоинға тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу