Криптовалюта нарығы құлдырап жатыр

916

Мамыр айында биткоин бағамы Қытай билігінің шешімінен кейін 30%-ға құлдыраған еді. 

Криптовалюта нарығы құлдырап жатыр

Ең танымал криптовалюта саналатын биткоиннің бағасы жылдың ең жоғары көрсеткішімен салыстырғанда 50%-ға төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 23 мамырда оның құны 13%-ға арзандады. Қазір ол  36,404 мың долларға саудаланып жатыр.

Мамыр айында биткоин бағамы Қытай билігінің шешімінен кейін 30%-ға құлдыраған еді. ҚХР-дың халық банкі криптовалюталарды ел аумағында төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды деп жариялады. Сонымен қатар Tesla және SpaceX негізін қалаған Илон Маск 1,5 миллиард долларға бағаланған крипто активтерін саттым не сатуға дайындалып жатырмын деп мәлімдеуі биткоин бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. 

Криптовалюталардың күрт арзандауының тағы бір себебі – Қытайдың крипто-инвесторларына қызмет көрсететін Huobi криптобиржасының мәлімдемесі. Ол өзінің қызметтері мен өнімдерінің бір бөлігін, соның ішінде хостинг және тау-кен жабдықтарын жеткізуді азайтатынын және тоқтата тұратынын жариялады.  

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу