Криптовалюта нарығын не күтіп тұр

1089

"Каспер зертханасының" сараптамасы жарияланды.

Криптовалюта нарығын не күтіп тұр

"Каспер зертханасының" мамандары 2019 жылы криптовалюта нарығын не күтіп тұрғаны туралы талдау әрі сараптамалық материалын жариялады, деп хабарлайды islam.kz.

Криптовалюта талай адамның өміріне дендеп енгендіктен бұл сала кибер қарақшылары мен қылмыскерлерінің назарын өзіне аударып отыр. Десе де 2018 жылың екінші жартысында  криптовалютаның бағасы құлдырағандықтан, оған деген жұрттың қызығушылығы азайып, тұтынушылар тарапынан сұраныс күрт кеміп кеткен. Бұл нарықта біршама капитал жинап үлгергендер мен брокерлердің табысы төмендеп кеткен. Осыған байланысты кибер қылмыскерлердің белсенділігі де бәсеңдеген.

"Жағымсыз тенденция" өз кезегінде келесі жылғы криптовалюта нарығына кері әсерін тигізбек дейді мамандар.

Бұдан бөлек, криптовалютадан өзге блокчейн технологиясының артықшылығы мен ерекшелігі және тиімділігі туралы ұғымның күлі көкке ұшуы мүмкін.

Кейбір қаржы мекемелері мен сала мамандары блокчейннің қолдану аясының тар екендігін, яғни, аталмыш технологияның мүмкіндігі шектеулі екендігін алға тарта бастады. Оның қолдану аясын ұлғайтуға қатысты ізденіс пен тәжірибе келесі жылы тоқтатылатын болады. Ал криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалану сирейді. 

Айта кетсек, "Каспер зертханасы" компьютерлік вирустан, спамнан, хакерлік шабуылдан және өзге де кибер қауіп-қатерден қорғау жүйесін құруға маманданған халықаралық компания. Әлемнің 200 елінде қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу