Криптовалютаға қатысты заң жобасы әзірленіп жатыр

775

Криптовалютаға қатысты заң жобасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда арнайы жұмыс тобы криптовалюта транзакцияларын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Жұмыс тобына "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Делойт", Waves, Juscutum және "Кесарев Консалтинг" сынды ұйымдар кірген деп хабарлайды qazaqtimes.com. 

Бұл компаниялар тек құқықтық құжат дайындап қана қоймай, болкчейн технологиялар мен криптовалютаны қолданатын платформаларды және блокчейн жобаларын құруға ниетті.

"Қазақстан Жапониядан кейінгі мемлекеттік деңгейде криптовалюта жүйесін дамыту керек екенін түсініп отырған екінші мемлекет. АХҚО базасында цифрлы валюта нарығын дамыту - Қазақстанның цифрлы экономикасы үшін толыққанды экожүйе құруға жасалған қадам", - дейді  "Кесарев Консалтинг" компаниясының серіктесі Наталья Шейко.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк әзірге криптовалюта жүйесін реттеу тәсілдерін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ сарапшылар да бұл жүйенің тәуекелдері көп екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу