Криптовалюталар бағамы көтерілді

900

Криптонарықтың жалпы капиталы 179,3 млрд долларды құрап отыр.

Криптовалюталар бағамы көтерілді

Бейсенбі күні eToro әлеуметтік инвестициялау қызметінің сандық сауда алаңын ашуы негізгі криптовалюталар бағамының өсуіне ықпал етті, деп хабарлайды Forex Club.

Libertex деректері бойынша, биткоин құны бір тәулікте 1,03%-ға, яғни 5267 долларға дейін өсті. Ethereum осы уақытқа дейін 3,84%-ға қымбаттап, 171,8 долларға жетті. Ал капитализациясы 18,1 млрд долларды құрады. Бұл криптовалютаға Microsoft және Enterprise Ethereum Alliance-тің (EEA) бизнестің нақты қажеттіліктеріне криптовалюта белгілерін жасауға мүмкіндік беретін нұсқауларды іске қосатыны туралы жаңалығы жағымды әсер етті.

Бір тәулік ішінде XRP 6,18%-ға өсіп, құны 0,34 долларды құрады. Капиталы – 14,3 млрд долларға тең. Litecoin бағамы 1,85%-ға өтеріліп, 81 долларға тұрақтады, капиталы 4,9 млрд долларға жетті.

Криптонарықтың жалпы капиталы 179,3 млрд долларды құрап отыр.

Қаржылық скауттардың пікірінше, нарықтың көтерілуі жақын болашақта жалғасуы мүмкін, бірақ ұзаққа бармайды. Бұл жағдайда Bitcoin 5300 долларға дейін, Ethereum ­173 долларға дейін, XRP 0,35 долларға дейін, ал Litecoin 82 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу