Криптовалютаны сатуға және сатып алуға ресми түрде рұқсат берілуі мүмкін

820

Ел азаматтарына халықаралық биржалардан криптовалюта сатып алуға және оны сатуға ресми түрде рұқсат берілуі мүмкін. Мұндай ұсыныс премьердің бірінші орынбасары Алихан Смайыловтың  қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Криптовалютаны сатуға және сатып алуға ресми түрде рұқсат берілуі мүмкін

Егер аталған операцияларды орындауға мүмкіндік берілсе, онда бұл нарықтың қандай екенін, жалпы осы сегментті толыққанды зерттеуге болады дейді крипто-мамандар.

Айта кету керек елімізде криптовалютаны қолдану, олармен  сатып алулар жүргізуге тыйым салынған. Бірақ мамандардың есебінше цифрлық заманда аталған жұмыстарды қолға алмасақ, алдағы уақытта қаржы технологиясы және инновация саласында артта қалып, бірқатар келеңсіздіктер туындауы мүмкін.

Егер бұл мәселе заңмен бекітілсе, онда елдегі ойыншыларға шет ел нарығына шықпай-ақ  отандық биржада сауда жүргізуіне болады. Ал мемлекет өз кезегінде барлық транзакцияларды бақылап, қаржыларды қорғауды өз құзырына алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу