8 тамыз күні биткоин тағы да рекорд жаңартты. Сауда барысында оның құны 3500 доллардан асты. Ал криптовалютаның капитализациясы 60 млрд долларға жуықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Дегенмен, 9 тамызда биткойн аздап арзанда. CoinDesk мәліметінше, оның құны 3425 долларға түсті. Соңғы 12 айда биткойн 485 пайызға қымбаттаған. Басқа сандық валюталардың құны болса жоғарылап келеді. Coinmarketcap.com деректеріне сүйенсек, соңғы 24 сағатта эфирмен жасалған сауда көлемі (Ethereum) 12,6 пайызға қымбаттап, 306,5 долларға дейін өсті.
Жалпы криптовалюта нарығы 2017 жылдың сәуірінен бастап 4 есе көтеріліп, 125 млрд долларға жеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу