Криптовалютаның заңсыз айналымын жүргізген күдіктілер ұсталды

809

Binance платформасындағы крипто айырбастау пунктінде  үш азаматтың заңсыз айналымдары 34 млн АҚШ долларын құраған.   

Криптовалютаның заңсыз айналымын жүргізген күдіктілер ұсталды Фото: Currency.com

Қазақстан Республикасының 3 азаматының АХҚО сайтынан тыс ABS Change криптовалюта кеңсесі арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін Қаржылық мониторинг агенттігі қалалық департаменті әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сүйеніп.

"Бұл азаматтар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық әрекеттер жасаған. Шара нәтижесінде крипто айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақша тәркіленді.  Binance платформасында уақытша шектелген 2 криптографиялық әмиянға шамамен 23 000 долларлық крипто-актив орнатылды", - делінген хабарламада.

ҚМА Binance платформасындағы криптовалюта айырбастау нүктесінің крипто әмияндарының алдын ала жалпы айналымы шамамен 34 миллион АҚШ доллар құрағанын атап өтті.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу