Криштиану Роналду гол саны жөнінен әлемдік рекордты жаңартты

1160

Бұған дейін аустриялық және чехословакиялық форвард Йозеф Бицанның еншісінде 805 гол болған еді.  

Криштиану Роналду гол саны жөнінен әлемдік рекордты жаңартты

Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду гол саны жөнінен әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Португалиялық ойыншы Англия премьер-лигасының 29-турында "Тоттенхэм Хотспур" клубымен матчта хет-триктің авторы атанып, командасына жеңіс әперді (3:2). Осылайша, Роналду клубтар мен ел құрамасы сапында соққан гол санын 807-ге жеткізді. 

К. Роналду футболдағы жолын Португалияның "Спортингінде" бастап, "Манчестер Юнайтед", "Реал", "Ювентус" клубтарында ойнап, бес мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Өткен жылдың жазында "Ювентустан" оны "Манчестер Юнайтед" 15 млн еуроға қайта сатып алды. Содан бері Англия чемпионатында 37 жастағы шабуылшы 24 матчта 12 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Роналдудың ағылшын клубымен келісімшарты 2023 жылы аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу