Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартты

537

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында ойын көрсету жөніндегі әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартты Фото: Google

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Португалия J тобында Лихтенштейн құрамасымен кездесіп жатыр.

Аталған матчта Криштиану Роналду негізгі құрамда жасыл алаңға шықты. Бұл - португалиялық шабуылшының ұлттық құрама сапындағы 197 ойыны. Осылайша ол әлемдік рекордты жаңартып отыр.

Криштиану Роналду Кувейт сапында 196 ойын өткізген Бадер Аль-Мутавты артқа тастады.

Сондай-ақ, Малайзия құрамасынан Со Чин Энна ұлттық құрама жейдесінде 195 кездесу өткізген еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Словенияға 1:2 есебімен ұтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу