Португалия билігі Мадейра аралындағы әуежайға "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналдудың есімін бермек, деп хабарлайды inform.kz BBC басылымына сілтеме жасап.
Әуежайдың атын өзгертуге арналған салтанатты жиын сәрсенбі күні Фуншал қаласының маңында өтеді. Оған футболшының өзі қатысады. Бұл қалада Роналдудың қола мүсіні, сондай-ақ спортшының лақап аты – CR7 брендімен жұмыс істейтін мұражай мен отель де бар.
Әуежайды футболшының есімімен атау ұсынысына жергілікті саясаткерлер қарсылық білдіріп отыр. Кей сыншы спортшының есімін иеленген мұражай мен отельдің жұмыс істеп тұрғаны жеткілікті деп санайды. Криштиану Роналду 2016 жылы ФИФА нұсқасында кезекті рет үздік футболшы танылды. Сондай-ақ португалиялық футболшы өз мансабында төртінші рет "Алтын доп" иеленді.