Жеңіл атлетикадан қазақстандық Кристина Овчинникова биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Кристина Овчинникова жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Спортшы биіктігі 186 сантиметрге секірді.
Екінші орын тағы бір қазақстандық Елизавета Матвееваға бұйырды. Ол 186 сантиметрді бағындырғанымен, бірнеше мүмкіндігін пайдалануға тура келді.
Үшінші орынға 183 сантиметр көрсеткішпен өзбекстандық Светлана Радзивил жайғасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу