Қорлық көрген атыраулық ит АҚШ-қа ұшып кетті

1838

Ол енді Калифорния штатында тұрмақ.

Қорлық көрген атыраулық ит АҚШ-қа ұшып кетті

Атырау қаласы тұрғынының биыл 31 мамыр күні иттің басын тоңазытқышқа қысып, қорлық көрсеткені жөнінде жазғанбыз. Кейін ол мас болғанын, иттің бақшасын таптап тастағанын айтып, көпшіліктен кешірім сұраған еді. Ал итті Американың Элин деген азаматшасы асырап алып, Лаки деп ат қойған. Бүгінде әбден емделіп, қалпына келген Лаки бизнес класпен Калифорния штатына ұшып кетті. Оның барлық жол, басқа да шығындарын шетелдік жаңа қожайыны мойнына алған.

"Қайырымды жүрек" қозғалысы еріктілерінің айтуынша, Лакидің АҚШ-тағы жағдайын сондағы қазақстандық волонтер бақылайтын болады. 

Қазіргі күні мұнайлы өңірде иесіз жүрген үй жануарларына байланысты мәселе шешімін тапқан жоқ. Еріктілердің бұралқы жануарлардың көзін жоюға бөлінген қаражатты питомниктерді көбейтіп, ит-мысықтарды қамқорлыққа алуға жұмсау жөніндегі ұсыныстары әзірге ескерілмей жатыр. Әсіресе, жақында көрші үйдің қабаған иті бір жарым жасар баланы басынан қауып алғаннан кейін жануарларды "қырып-жоюға" шақырған пікірлер белең алып кетті. Сол себепті, Атырауда канистерапия, яғни лабродар иттердің көмегімен сал балаларды емдейтін "Атырау – кішкентай ел" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиев Фейсбук парақшасында облыс тұрғындарына үндеу жариялап, онда тағы да еліміздің, мәселен, Түркия, Грузия сынды иттерді стерилдеу, егу, чиптендіру және сонымен айналысатын ұйымдардың бақылауына алу сияқты өркениеттік әдістерге бағытталған жүйесін қолдануды  сұрады.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу