Кремль Путин мен Байденнің қандай мәселелерді талқылайтынын жариялады

863

Путиннің Женеваға жасайтын бұл сапары Ресей президентінің 2020 жылдың қаңтарынан бергі алғашқы шетелдік сапары болмақ.

Кремль Путин мен Байденнің қандай мәселелерді талқылайтынын жариялады

Украина, Беларусь және Навальный төңірегіндегі жағдайлар Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден кездесуде талқылайтын тақырыптар тізімінде бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекет басшылары стратегиялық тұрақтылықты, пандемияны, киберқылмыспен күресті, экономикадағы ынтымақтастықты, климаттың өзгеруін және Арктика мәселелерін талқыламақ.

Қос президент бұдан бөлек Сириядағы, Ливиядағы, Ауғанстандағы және Таулы Қарабақтағы қақтығыстар туралы сөз қозғамақ. Сондай-ақ олар дипломатиялық өкілдіктердің жұмысына да тоқтала кетпек. Екі президент мәмілеге келсек, қос мемлекеттің елшілері Мәскеу мен Вашингтонға оралады.

Ушаков екі тарап алдын-ала келісілмеген кез-келген тақырып бойынша сөйлесе алатындығын айтты.

Байден мен Путиннің кездесуі 16 маусымда Швейцария қаласы Женевадағы Ла Гранж вилласында өтеді. Бұл –  Байденнің билікке келгелі Путинмен алғаш рет бетпе-бет кездесуі. Путиннің Женеваға жасайтын бұл сапары Ресей президентінің 2020 жылдың қаңтарынан бергі алғашқы шетелдік сапары болмақ.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу