Кремльден тыныштық кетті. "Вагнер" жасағы Ростов қаласын басып алды

11556

Танктер мен бронды машиналар қалаға кіргізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кремльден тыныштық кетті. "Вагнер" жасағы Ростов қаласын басып алды Фото: Ашық дерек көздерінен

"Вагнер" жетекшісі Евгений Пригожин оның әскерлері Ресей Федерациясымен шекарадан өтіп, Ростов-на-Донуға кіргенін мәлімдеді.

БАҚ Оңтүстік әскери округтің штаб-пәтерін, жергілікті ФҚҚ мен ІІМ ғимараттарын, сондай-ақ Ростов әкімшілігін қарулы адамдар басып алғаны туралы хабарлады. Бұған дейін "Вагнер" басшысы Евгений Пригожин Ростовқа өз жауынгерлерін енгізу жоспары туралы айтқан болатын.

Пригожин Ресей Бас штабының бастығы Валерий Герасимов ұшақтарды ауаға көтеріп, бейбіт тұрғындар арасында қозғалатын бағанға оқ атуды бұйырды деп мәлімдеді. Бірақ ұшқыштар, Пригожин сендіргендей, бұйрықты орындаудан бас тартты.

Шамамен 3:20-да Пригожин аспанда Ресей Федерациясының авиациясының екі ұшағы барын мойындап, олар барынша бейбіт тұрғындарға зақым келтірмей, оқ жаудырып жатқандарын айтты. 

Жұртшылық "Вагнер" жауынгерлерінің Ресей Федерациясының Оңтүстік әскери округ (ОӘО) штаб-пәтерлерін жаулағанын дәлелдейтін суреттермен бөлісті.

Кейбір дереккөздер қазіргі уақытта Ресей Федерациясының Әуе қорғанысы штабының ғимаратын да "вагнерлер" басып алды деп жазады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу