"Крокус Сити холлда" көз жұмғандар арасында 5 бала болған

2500

Қазіргі уақытта қайтыс болған 84 адамның жеке басы анықталды. 

"Крокус Сити холлда" көз жұмғандар арасында 5 бала болған Фото: BBC

Ресей ТЖМ "Крокус Сити холл" концерт залында болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың 143 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Көз жұмғандардың тізімі Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне негізделген.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Тергеу комитетіне террористік акт нәтижесінде туыстарының немесе жақындарының жоғалғаны туралы 143 өтініш түскені хабарланды. Қазіргі уақытта қайтыс болған 84 адамның денесі анықталды, оның ішінде 9 бен 16 жас аралығындағы 5 бала бар. 

Айта кетсек, Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды. Оларға ұйымдасқан топтың құрамында шабуыл жасады деген айып тағылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу