Мәскеудегі "Крокус сити холлда" қанды қырғын ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы да теракт жасамақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Известия басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше теракттың алдын алып үлгерген. Дегенмен нақты қай елде жасамақ болғаны белгісіз, бірақ "Крокус сити холлдағы" шабуылмен қатар болады деп жоспарланған.
"Крокусқа" барар жолда жанармай құю бекетінен жанармай алып, пластик бөтелкелерге құйған. Кейін оны залды өртеу үшін қолданған", – деп жазды басылым.
Топ террористік ұйым болмаған. Олар теракт болатын күннен бірнеше апта бұрын ғана құрылған. Қатысушылардың екеуі нұсқауды Түркияға барғанда алған, ал өзгелерін Ресей аумағында топқа қосқан.