Кросстан Қазақстан чемпиондары анықталды

763

Кросстан Қазақстан чемпиондары анықталды

Алматының Баум тоғайында өткен кросстан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында Людмила Монина, ерлер арасында Дмитрий Иванчуков жеңіске жетті, деп хабарлайды kazathletics.kz.

Әйелдер арасындағы жарысқа 7 спортшы қатысты. Олар 2 шақырым 150 метрлік айналма жолды төрт рет жүгіріп өтті. Алғашында басты фаворит жақында ғана Валенсияда өткен жартылай марафоннан әлем чемпионатына қатысушы Жанна Мамажанова саналған. Сондай-ақ Алматы облысының тумасы, тәжірибелі Людимила Монина да бар болатын.

Екеуі бірден қарқынды үдетіп, қарсыластарынан ұзап кетті. Мәреге жақындағанша бірдей келе жатты. Тек соңғы 50 метр қалғанда Монина Мамажанованы басып озды. Үздік үштікте Солтүстік Қазақстаннан келген Айгүл Қайыржанова бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу