КСЕLL-дің келешекке қарышты қадамы

483

Кселл 2020 жылдан бері 700 ден астам елдімекендегі байланыс жүйесін жақсартты.

КСЕLL-дің келешекке қарышты қадамы Фото: baigenews.kz

Соңғы екі жылда Кселл операторы 1 миллионнан астам ауыл тұрғынының интернетке қолжетімділігін арттырған, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгінде қазақстандық мобильді операторлардың сараптамасы шикізат секторы сынды экономикамыздың негізгі салаларын цифрландыруда маңызды рөл атқарады. Еліміздің цифрландыру саясатын жаңа биікке бастауда да ұялы байланыс операторларының маңызы зор.

Бұл туралы Елордада өткен стратегиялық бастамалар форумында Кселл компаниясының бас директоры Асхат Өзбеков мәлім етті.

"Еліміздегі телекоммуникация саласы басқа салалармен салыстырмалы түрде қарастырғанда оң динамикаға ие. Біздегі интернет сапасы да жақсы деңгейде. Әрине трафикті тұтыну жылдам өсіп келе жатқанын түсінеміз. Соған сәйкес тұтынушыларымыздың талабына сай қызмет көрсетіп, сапалы байланыс ұсынуға қаржылай да техникалық да мүмкіндігіміз жеткілікті", дейді "Kcell" АҚ бас директоры Асхат Өзбеков.

Кселл 2020 жылдан бері 700 ден астам елдімекендегі байланыс жүйесін жақсартты. 250+ мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстың нәтижесінде жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізгендер саны 1 миллионнан асады. Компания өкілдері уақыт өте тұтынушылардың интернет жылдамдығын одан әрі жоғарылатуды талап ететінін жақсы түсінеді. Сондықтан Кселл байланыс операторы ел аумағында жоғары жылдамдықты 5G-ді таратуға маңыз беріп отыр.

"Бізде 5 джи-мен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба дайын. Ол Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Әрқайсысы радиусы 1 шақырым аумақты алатын 8 базалық станциямыз бар. Соңғы жылдары интернет трафикті тұтыну бірнеше есеге артты. 5 джи қолданысқа енсе, адамдар бұл көрсеткішті еріксіз еселейді. Себебі жоғары жылдамдықты интернет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз қазір мән бере бермейтін кей дүниелер 5 джиге қосылуымен қолданыс аясын едәуір кеңейтуі мүмкін", деді "Kcell" АҚ бас директоры Асхат Өзбеков.

Компания басшылығы "Тиісті келісімшартқа қол жеткізсек жоғары жылдамдықты интернетті таратуға тас-түйін дайынбыз", - дейді. Санаулы жылда 5G еліміздің цифрландыру саласының маңызды бөлігіне, драйверіне айналатынына да сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу