Ксения Собчактың коммерциялық директоры тұтқындалды

438

Собчак әріптесіне жала жабылған деп санайды.

Ксения Собчактың коммерциялық директоры тұтқындалды Фото: rbk.ru

Журналист Ксения Собчак өзінің коммерциялық директоры Кирилл Сухановқа тағылған айыпты бос сөз деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сәрсенбіде Мәскеудегі сот журналист, медиаменеджер Ксения Собчактың коммерциялық директоры Кирилл Суханов пен Tatler-дің бұрынғы бас редакторы Ариан Романовскийді тергеу изоляторына 2 айға  жіберді. Тергеу олардың "Ростех" мемлекеттік корпорациясының басшысы Сергей Чемезовтан 11 миллион рубль бопсалағанын айтады.

Собчак өзінің телеграм арнасында Сухановтың тұтқындалуына қатысты жазып, оның кінәсіне сенбейтіні туралы түсініктеме берді.

"Жақын арада істің ақ-қарасы анықталып, оларға тағылған айып бос сөз екеніне көз жеткізеді деп үміттенемін", – деп жазды ол.

Алайда Собчак өзіне қарсы қылмыстық іс туралы, елден неге кеткені туралы нақты түсініктеме берген жоқ.

2018 жылғы сайлауда Президенттікке кандидат болған Ксения Собчак та бұл іс бойынша күдікті ретінде танылғанын еске саламыз.

Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Собчактың Ресейден кеткенін айтады. Тележүргізуші 26 қазанға қараған түні Минск арқылы Литваға кеткені хабарланып, оны Мәскеудегі әуежайда ұстауға дайындық жүргені айтылады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу