КСРО-ның ыдырауы заңға қайшы құбылыс - Қытайдың Франциядағы елшісі

865

Еуропалық Парламенттің 80-ге жуық депутаты Франция СІМ басшысы Катрин Колоннадан Париждегі Қытай елшісі Лю Шайды "персона нон грата" деп жариялауды талап етуде.

КСРО-ның ыдырауы заңға қайшы құбылыс - Қытайдың Франциядағы елшісі Фото: eadaily.com

Бұл туралы Le Monde газеті өз материалында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, бұған дипломаттың посткеңестік елдерінің халықаралық құқық аясында мәртебесінің жоқтығы және Қырымның о бостан Ресейдің иелігі екендігі туралы мәлімдемесі себеп болды.

"Елші Шай бұрынғы кеңестік республикалардың халықаралық құқық аясында мәртебесі жоқ екенін көпшілік алдында растап, ондай мәртебені нақтылай алатын Халықаралық келісім болмағанын атап өтті. Мұндай пікір дипломатиялық дискурс шегінен шыққандық деп қабылдануы керек", - делінген парламентшілердің Француз Сыртқы істер министрінің атына жазған хатында.

Жолдау авторларының пікірінше, қытай дипломатының мәлімдемесі халықаралық құқықты бұзып, Еуропа елдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

"Егемендік — дипломатиялық ойыншық емес, халықаралық қатынастардың негізгі элементі", - деп атап өтті парламентшілер.

Бұған дейін LCI-ге берген сұхбатында Лю Шай бұрынғы КСРО елдерінің "халықаралық құқық аясында мәртебесі жоқ, өйткені олардың егеменді елдер ретіндегі мәртебесін нақтылайтын халықаралық келісім болмаған" деп мәлімдеді. Қырымға келетін болсақ, оның айтуынша, бұл аймақ "о бастан Ресейге тиесілі", ал КСРО кезінде "Никита Хрущев оны Украинаға бере салған".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу