КСРО-ның ыдырауын болжаған тарихшы тағы бір жаңа болжам жасады

747

Оның болжамынша, НАТО-ның Украинадағы жеңілісі Ресей мен Германияны татуластырады.  

КСРО-ның ыдырауын болжаған тарихшы тағы бір жаңа болжам жасады Фото: inosmi.ru

КСРО-ның ыдырауын болжаған француз тарихшысы және социологы Эммануэль Тодд Украинада НАТО жеңілді деген пікір білдірді. Бұл туралы Тодд Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ИноСМИ порталына сілтеме жасап.

Тарихшы НАТО-ның жеңілуі Ресей мен Германияны жақындастыруы керек деп есептейді.

"Вашингтонның Берлинді Мәскеуден алшақтату әрекеті сәтсіз аяқталады. Егер сіз Еуропа картасына қарасаңыз, екі негізгі держава көзге түседі, бұл Германия және Ресей", - деді Тодд.

Оның пікірінше, Мәскеу мен Берлин енді текетірес бола алмайды, олардың экономикасы бірін-бірі толықтыруға арналған.

"Ерте ме, кеш пе, олар ынтымақтаса бастайды. АҚШ Германия мен Ресейдің бір-біріне тартатын тартылыс күшін тежей алмайды", - деп болжады француз тарихшысы.

Эммануэль Тодд – бірқатар зерттеулер мен кітаптардың авторы. 1976 жылы ол өзінің "Соңғы сәтсіздік" кітабында Кеңес Одағының ыдырауын болжады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу