КСРО төлқұжатымен жүрген 1 797 адам анықталды – ІІМ

973

Елімізде 4 686 адам құжатсыз жүрген. Оның ішінде 1 797 адамда КСРО төлқұжаты болған. Бұл туралы ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

КСРО төлқұжатымен жүрген 1 797 адам анықталды – ІІМ

Оның айтуынша, министрлік 2020 жылғы қазаннан бастап үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжат беру бойынша кең ауқымды акция жүргізген.

"Осылайша, елімізде құжаты жоқ 4 686 адам анықталды. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола, Жамбыл облыстарында тұрады. Оның ішінде 3 408 адамда жеке басын куәландыратын құжат, ал 1 278 адамда құжат болмаған. 

Сондай-ақ құжаты жоқ адамдардың ішінде 1 797 адам КСРО төлқұжатымен (паспорт) жүрген", – деді Сабыржан Сейтжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Төрағасы орынбасары бүгінде бұл науқан жалғасып жатқанын атап өтті. Ол бұл адамдар мемлекетттен әлеуметтік көмек ала алмайтынын ескертті. 

"Құжаттың болмауы салдарынан адамдар өзінің конституциялық құқығы мен заңды мүдделерінің іске асыруын шектейді. Олар қажетті жәрдемақыны рәсімдей алмайды, білім және денсаулық қызметін пайдалана алмайды. Сондықтан құжатсыз жүрген адамдарға құқықтық мәртебені анықтау, жеке басын куәландыратын құжат алу үшін жергілікті көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес беремін", – деп түйіндеді сөзін басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу