ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Орталық Азия аймағы алдағы 5-7 жылда бетпе-бет келуі мүмкін 3 негізгі сын-қатерге тоқталды.
"Біріншісі – стратегиялық белгісіздік. Оның қарқын алуы – бүкіл әлемдегі, соның ішінде біздің аймақтағы да негізгі үрдіс. Ол жақсы ма, жоқ па – үлкен мәселе. Бір жағынан, әлем тез өзгеріп жатқаны соншалық, бір ұрпақ өмірінде іргелі өзгерістер орын алып жатыр. Осыған дейін бұл бірнеше ғасырды қажет еткен болатын. Яғни, бүгінде әлем түбегейлі өзгеріп жатыр. 10 жыл бұрын бір ғана смартфон арқылы барлық қажетті әрекеттерді жасай алатынымызды елестетудің өзі қиын болған шығар", - деді ол.
Спикердің сөзінше, бұл геосаяси жағдайға, технологияларға және басқа да тенденцияларға қатысты. Ол өз кезегінде стратегиялық белгісіздіктің қиындықтар мен мүмкіндіктер әкелетінін атап өтті.
"Бұл тұста дұрыс бағытта әрекет етіп жатырмыз ба, осындай тез өзгеріп жатқан әлемге бейімделу үшін Орталық Азиядағы стратегиялар дұрыс қабылданған ба соларды түсінуге мүмкіндігіміз бар. Яғни, стратегияларымыз қаншалықты дұрыс құрылған, елдеріміздің экономикасы, саяси және қауіпсіздік жүйелері өзгермелі әлемге бейімделді ме дегендей", - деді Еркін Тұқымов.
Одан кейінгі сын-қатерге геосаяси фрагментацияның өсуін, аймақтық сәйкестілікті жатқызды.