Бұрын бұл қызметті "Даму" қоры атқарып келген.
"Субсидиялаудың мемлекеттік қызмет болып саналатынын және қазір өтінім беру үдерісінің автоматтандырылғанын қосымша хабарлаймыз. Субсидиялауға өтінімді egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы немесе digital.baiterek.gov.kz порталы арқылы беруге болады",– делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты "ҚТК" АҚ сайтынан немесе компанияның 88000804448 call-center арқылы нақтылауға болады.
Айта кетсек Қазақстан Тұрғын үй компаниясының жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен таяуда ғана компания басқарма төрағасы ауысқан болатын. Компанияның басшылығы Рустам Исаевқа жүктелді.