ҚТҚ республикалық бюджет пен халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады

742

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу және жаңғырту жобаларын іске асыру және Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

ҚТҚ республикалық бюджет пен халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады

Бірінші мәселе бойынша

Бүгінгі таңда Қазақстанның 69 қаласында КТҚ салу немесе реконструкциялау қажет. Тиісті жобаларды республикалық бюджет пен халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда төрт қалада (Атырау, Қызылорда, Форт-Шевченко және Шымкент) КТҚ салу немесе реконструкциялау жобалары жүзеге асырыла бастады. Қалған 65 жобаны инвестициялық тартымдылықты ескере отырып, 2028 жылға дейін іске асыру ұсынылады.

Екінші мәселе бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры" ААЖ-да инженерлік желілер туралы деректерді толық цифрландыруды қамтамасыз ету жоспарланған. Жерасты желілері бойынша нақты кеңістіктік деректерді тек инженерлік-геодезиялық ізденістер әдісімен ғана қалыптастыру мүмкін болады. Сонымен қатар деректерді үздіксіз өзектендіру тетігін енгізбестен, инженерлік желілерді толық цифрландырған орынсыз.

Осы мақсатта табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілердің техникалық сипаттамалары мен бос қуаты туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынуы бойынша заңнамаға түзетулер енгізуге, сондай-ақ "МҚК" ААЖ-ға енгізе отырып, барлық деңгейдегі жобалардың бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізуге бастама жасалды.

Аталған шаралардың арқасында инженерлік желілердің цифрлық негізі қалыптастырылуы тиіс, ол ағымдағы түгендеу жұмыстары мен деректерді онлайн-өзектендіру аясында нақтыланатын болады.

ҚР Премьер-Министрі талқыланған жобаларға қатысты айтылған тәсілдерді мақұлдап, оларды іске асыру үшін пысықтау жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу