КҚК теңіз терминалы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты

594

Себебі, Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы резервуарлар паркі толған.  

КҚК теңіз терминалы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты Фото: t.me/caspian_pipeline

Новороссийск аумағында 30-31 желтоқсан күндері күшті дауыл болады деп күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Каспий құбыры консорциумы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығы танкерлерге мұнай тиеу жұмыстарын қиындатып, соның салдарынан терминалдың резервуарлар паркі толып кеткен.

Осы жағдайға байланысты кеше Қарашығанақ жобасы мұнай өндіру көлемін айтарлықтай шектеді.

Резервуарлардың толуына орай еліміздегі басқа да ірі мұнай өндіруші компаниялар да жақын арада өндіріс деңгейін төмендетуге мәжбүр болады.

Сонымен қатар, мұнай жөнелтудің ырғақтылығына ВПУ-2 қондырғысына жасалған шабуылдың салдары әсер еткен. Сол оқиғадан кейін құрылғы зақымданған. Бұған қоса, ВПУ-3 қондырғысында басталған жөндеу жұмыстары қысқы кезеңдегі ауыр гидрометеорологиялық жағдайды қиындатып отыр.

Компания мұнай құбырының тұрақты жұмысын қайта бастау және теңіз терминалының қалыпты режимге оралуы туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу