ҚТЖ: 2,5 мыңнан астам вагон станцияларда кептеліп тұр

95

Оның ішінде 500-ге жуық вагондарға жүк тиелген. Қалғаны бос вагондар.  

ҚТЖ: 2,5 мыңнан астам вагон станцияларда кептеліп тұр Фото: rail-news.kz

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ел аумағындағы станцияларда қаңтарылып тұрған вагон санының өскенін хабарлады. ҚТЖ мәліметінше, 2,5 мыңнан астам вагон 10 күн бойы теміржолда тұрып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қозғалмай тұрған вагондар станциялардың өткізу қабілетін шектеп, құрамдарды қабылдау мен жөнелту ісін қиындатып отыр.

Осыған байланысты ұлттық компания вагондардың станцияларда тұрып қалуы ҚТЖ қызметіне немесе инфрақұрылымына байланысты емес екенін мәлімдеді.

"Тасымалдау процесін тұрақтандыру үшін ҚТЖ жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларды станциялық жолдарды босату және вагондарды тиеу мен уақытылы түсіру, дайындауды қамтамасыз ету жөнінде жедел шаралар қабылдауға шақырады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу