"ҚТЖ": 40 000 маска сатып алынды

822

Теміржол вокзалдары тепловизорлармен жабдықталған.

"ҚТЖ": 40 000 маска сатып алынды

Еліміздің барлық теміржол вокзалдарын қажетті мерзімге дейін вирусқа қарсы құралдармен қамту жөніндегі жұмыстар аяқталды. Осы мақсатқа 40 мың маска, 72 мың жұп қолғап, 5 мың литр антисептик және т.т. сатып алынды, деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

"Магистралдық желі бөлімшелері үшін 1000 дозатор жеткізілді. Теміржол вокзалдары әкімдіктер немесе СЭС қамтамасыз еткен тепловизорлармен жабдықталған. Тепловизорлар Алматы, Ақтөбе, Орал, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Қостанай сияқты облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар вокзалдарында, сондай-ақ Түлкібас, Манкент, Жарық, Бейнеу вокзалдарында бар",– деп жазылған хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, қазір барлық вокзалдарда СанПин нормаларына сәйкес күніне 4-реттен, адамдардың жиі шоғырланатын жерлерінде (күту залдарында, касса залдарында) дезинфекциялық заттарды пайдалана отырып, сағат сайын тазарту жүргізілуде

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу