"Қазақстан темір жолы" 4 айда астық тасымалдауды 54%-ға арттырды

186

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында теміржолмен астық тасымалдау 54%-ға өсіп, 4,7 млн ​​тоннаны құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан темір жолы" 4 айда астық тасымалдауды 54%-ға арттырды Фото: gov.kz

4,7 млн тоннаның 3,7 миллион тоннасы экспортқа жөнелтілген. Әсіресе, Орталық Азияға, Балтық жағалауы елдеріне және Иранға жеткізу көлемі өскен.

Маркетингтік жылдың басынан бері 9,8 млн тонна астық тасымалданды (+52%), экспорт 7,7 млн ​​тоннаны (+58%) құрады.

ҚТЖ сондай-ақ жүк жөнелтушілерді элеваторларды босатып, жаңа егін жинауға дайындалу үшін мамыр және маусым айларында жүк жөнелтуді жылдамдатуға шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу