ҚТЖ халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастырды

432

"Qarmet" металлургиялық кәсіпорнының 200 тонна орамдағы болаты Ресейге жөнелтілді.  

ҚТЖ халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастырды Фото: rail-news.kz

Қарағанды станциясынан Омбыға 100 пайыз қазақстандық қамтумен алғашқы халықаралық автомобиль тасымалы ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тасымалдауды отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде "Кедентранссервис" АҚ "Қазақстанның көлік холдингі" еншілес компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жоба қазақстандық металлургия өнімдерін, ұлттық оператордың логистикасын және отандық өндірістің жүк көлігін біріктіре отырып, отандық компаниялар базасында халықаралық логистикалық тізбекті іске асырудың алғашқы практикалық үлгісі болды.

"Кедентранссервис" АҚ теміржол, автомобиль және терминалдық логистиканы біріктіре отырып, мультимодальды тасымалдарды дамытуда. "Қазақстанның көлік холдингі" ЖШС базасында жүк автомобиль тасымалдарының заманауи платформасын қалыптастыра отырып, компания автопаркті кезең-кезеңімен қазақстандық өндірістің жартылай тіркемелері бар 1000 бірлік тартқышқа дейін ұлғайтады.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау, машина жасау, металлургия және өңдеуші өнеркәсіптің басқа да салаларын дамыту, сондай-ақ қазақстандық қамту үлесін ұлғайту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу