ҚТЖ басқару саласына кадр қорын жасақтап жатыр

884

ҚТЖ басқару саласына кадр қорын жасақтап жатыр

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқару саласындағы кадрлық қорында тіркелген алпыс еңбеккер біліктілік көтерудің оқу курсынан өткізілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Болашақ басшылар басқарудың, оның ішінде, жоспарлау, қарамағындағылардың атқарушылық тәртібі деңгейін көтеру, жетекшілік міндетін дамыту, еңбеккерлердің сеніміне кіру секілді маңызды бөлігін меңгерді. Бастысы, Компанияның құндылықтарын сақтай отырып, оның корпоративтік тәртібіне бағынып, кез-келген жағдайда бәсекелестікке сай іскерлік әрекет етуге мән беріледі", делінген таратылған хабарламада.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы  – Теміржол көлігі персоналын дамыту мен бағалау орталығының" директоры М.Марасиловтың айтуынша, "болашақ басшыларды даярлаудың маңыздылығы сонда, оларды қазірдің өзінен өндірістегі жаңа инновациялық технологиялармен жаңғыртылған жағдайда басқаруды жүзеге асыруға бейімдеу болып табылады".

 "ҚТЖ" ҰК" АҚ Компанияның кадр саясаты аясында әлеуметтік міндеттемелерін тұрақты орындап, кадр қорын жасақтауды үзіліссіз атқарып келеді.

2017 жылға арналған еңбеккерлердің біліктілігін көтеру жоспарына сәйкес, өндірісшілер көлік-логистикалық холдинг қызметіне қатысты барлық салада оқытылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу