"ҚТЖ" басшысы қызметінен кетті

524

Бұл ақпаратты "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі таратты.  

"ҚТЖ" басшысы қызметінен кетті Фото: primeminister.kz

Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның жалғыз акционер ретіндегі шешімімен "ҰК "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Алдыбергенов Талғат Сағиұлының өкілеттігі тоқтатылды", – делінген ресми хабарламада.

Әзірге, "Қазақстан темір жолы" Басқарма төрағасы қызметін атқару міндеті Бауыржан Орынбасаровқа жүктелді. Ол ұлттық компанияда 1993 жылдан бері еңбек етеді. Ал, 2021 жылдан бері төрағаның орынбасары қызметін атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу