ҚТЖ бірқатар жүкті Орталық Азияға тасымалдауға тыйым салды

Мұның басты себебі – астық экспортына басымдық беруі.  

ҚТЖ бірқатар жүкті Орталық Азияға тасымалдауға тыйым салды Фото: logirus.com

Осылайша, Орталық Азияға экспорттық бағыттағы қиын жағдай "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ны осы шараны енгізуге мәжбүр еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– ҚТЖ Орталық Азия елдеріне қазақстандық экспорттың едәуір бөлігі өтетін Сарыағаш халықаралық өткелінде тасымалдау процесін тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдауда. Қазақстандық экспорттың 50%-дан астамы (айына 700 мың тоннаға жуық) осы өткел арқылы жіберіледі, бұл ретте көлемнің 70%-ға жуығы Өзбекстан станциясына тиесілі.

Дәнді дақылдарды тасымалдаудың маусымдық шоғырлануы шекара маңы учаскесінің инфрақұрылымына үлкен жүктеме туғызады. Жаппай тасымалдау маусымының басталуы жүк ағындарының қозғалысын уақытша қиындықтарға әкелді. Сарыағаш станциясына жақын маңайда 8 400-ден астам вагон жиналды, бұл Өзбек темір жолы тарапынан пойыздарды уақытылы қабылдамауға байланысты туып отыр, – делінген хабарламада. 

Яғни, теміржол әкімшілігі 12-20 қараша аралығында астық жүктерін, ұнтақтау өнімдерін, тез бұзылатын жүктерді (көкөністерді) қоспағанда, Сарыағаш станциясы арқылы барлық жүкті Орталық Азия елдеріне тасымалдауға қабылдауға тыйым салып отыр. Осылайша, бір апта ішінде элеваторлар мен ұн тарту кәсіпорындарының қоймаларын босату үшін астық экспортына басымдық берілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу