ҚТЖ биылғы төрт айдың қорытындысын шығарды

646

Биылғы төрт айда "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде жүкайналымы 71 млрд тонна-километрді құрады, бұл өткен жылдың сәкес кезеңінен 1% артық. 

ҚТЖ биылғы төрт айдың қорытындысын шығарды

Жүкағының пайдалану жөніндегі жоспар 104% орындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қаңтар-сәуірде жүк тиелімі 80 млн тоннаны құрады. Атап айтқанда, тас көмір тиелуі – ­34 млн тонна, соның ішінде экспорт – 10 млн тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8% көп болса, астық – 4 млн тоннаға (+5%) жеткен.

2019 жылдың сәуірінде жүк айналымы 18 млрд тонна-километрге жетіп, тиелім – 20,5 млн тонна.

Тас көмірдің 7,6 млн тоннасы (ел ішінде – 5 млн тонна), астық – 812 мың тонна, соның ішінде экспортқа 583 мың тонна тиелді.

Соңғы төрт айда пайдалану қызметінің көптеген сапалық және сандық көрсеткіштері жақсарды. Осылайша, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%, локомотивтердің орташатәуліктік жүрісін 2,8%, жұмыс вагонының орташатәуліктік айналым уақытын – 3,6%, вагонның орташатәуліктік өнімділігін 4,9% және ваонның орташатәуліктік жүрісін 4,4% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу