ҚТЖ биылғы жаз кезеңінде 4 млн-нан аса жолаушы тасымалдайды

591

Жазғы кезеңде Алакөлге өткен жылмен салыстырғанда 30 мың жолаушыны көбірек тасымалдау жоспарлануда.

ҚТЖ биылғы жаз кезеңінде 4 млн-нан аса жолаушы тасымалдайды Фото: baq.kz

"Самұрық-Қазына" АҚ алаңында Ұлттық тасымалдаушының жазғы темір жол жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және интермодальды тасымалдау жобасын іске асыру бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" АҚ сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов 2023 жылдың демалыс кезеңінде шамамен 4,5 млн жолаушы тасымалдау жоспарланғанын атап өтті. 

"Туристік маусым кезінде жолаушыларға жайлы болуын  қамтамасыз ету үшін Алакөл жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут қатынайтын болады. Елордадан алғаш рет "Астана-Достық" бағыты бойынша "Тальго" жайлы пойызы жөнелтіледі. Құрам  аптасына екі рет жүреді. Жазғы кезеңде Алакөлге өткен жылмен салыстырғанда 30 мың жолаушыны көбірек тасымалдау жоспарлануда", деді Жәнібек Тайжанов.

Спикердің айтуынша, соңғы екі жылда осы бағытта және кері қарай жолаушылар ағыны екі есе (124 мыңнан 243 мыңға дейін)  өсті. 

"Көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ ҚР ИИДМ-мен, әкімдіктермен, туроператорлармен, әуе және автотасымалдаушылармен бірлесіп ел ішінде интермодальды тасымалдауды (көліктің екі және одан да көп түрін/тасымалдаушыларды пайдалану) ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл тұрғындардың көліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі тасымалдау жаңа моделінің негізі болады", деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу