Таразда теміржол станциялары басшылары қатысқан теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шарасына арналған республикалық семинар кеңес өткізілді, деп хабарлайды railways.kz.
Семинарға қатысушылар теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудағы станция басшыларының рөлі зор екендігін атап өтті. Қазақстан теміржолдарында 836 станция жұмыс істейді.
"Станция башысының дәрежесін көтеру керек. Бұл бастамашылық – станциялардың өндірістік көрсеткіштерін көтерудегі жауапкершілікті күшейтеді",- дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ департаментінің директоры Б. Ізтілеуов.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ 2018 жылды "Станция бастығының жылы" деп жариялады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу