"ҚТЖ" БЖЗҚ қаржысын тартуға қатысты ақпаратқа жауап берді

897

Компания 20 тамызында 40 млрд теңге сомасында екінші облигациялық бағдарлама шегінде KASE-ге алғашқы шығарылымдағы 15 жылдық облигацияларды орналастырды.

"ҚТЖ" БЖЗҚ қаржысын тартуға қатысты ақпаратқа жауап берді

"ҚТЖ" БАҚ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған "ҚТЖ" ҰК" АҚ үшін БЖЗҚ қаржысын тартуға қатысты ақпаратқа жауап берді.

"2019 жылдың 21 тамызындағы жағдай бойынша құнды қағаздарды ұстаушылар тізіміне сәйкес, екінші облигациялық бағдарлама шегінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (KZ2C00005866) алғашқы шығарылым облигацияларын иемденуші ретінде тіркелмеген",– делінген компания жауабында.

Айта кетсек, компания 2019 жылдың 20 тамызында 40 млрд теңге сомасында екінші облигациялық бағдарлама шегінде (KZ2C00005866) KASE-ге алғашқы шығарылымдағы 15 жылдық облигацияларды орналастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу