ҚТЖ Достық-Мойынты учаскесін жаңғыртуға кірісті

987

Достық-Мойынты учаскесін дамыту – Достық-Ақтоғай-Мойынты-Жарық-Жезқазған-Сексеуіл-Қандыағаш-Ақтөбе-Илецк темір жолы көлік дәлізін жаңғырту бойынша ауқымды жобаның бір бөлігі. 

ҚТЖ Достық-Мойынты учаскесін жаңғыртуға кірісті

Алматы облысы Алакөл ауданындағы Достық – 19 разъезд аралығында екінші жолдың және 19 разъездегі үш қабылдау-жөнелту жолының құрылысы басталды.

Қазіргі уақытта екінші жолды төсеу үшін жерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. 110 мың текше метрден астам жер төсемі себілді. Сондай-ақ, 3 су өткізу құбыры ұзартылып, темірбетон теміржол көпірінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Достық станциясында станциялық жолдарды қайта төсеу үшін жер төсемін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. №19 разъезде сыртқы электрмен жабдықтау тіректерін монтаждау үшін дайындық жүргізілуде.

Бұл жұмыстарға 80-нен астам адам және 45 бірлік арнайы техника  жұмылдырылды.

Жобаны іске асыру пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыруға, Қазақстанның Қытай-Еуропа бағыты бойынша негізгі транзиттік дәлізінің өткізу және тасымалдау қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу