ҚТЖ экспортқа теміржол өнімдерін шығарушыларды құқықтық қолдауды ұсынады

1072

ҚТЖ экспортқа теміржол өнімдерін шығарушыларды құқықтық қолдауды ұсынады

Салалық секциялық отырыста "Локомотивжөндеу" АҚ президенті Талғат Лесов баяндама жасап, теміржол көлігі машиналарын жасау кластерінің басым бағыттары, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру тапсырмалары, қазақстандық теміржол өнімдерін шетелге шығару аясын кеңейте түсудегі мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды railways.kz.
Биылғы жылы "Тұлпар-Тальго" ЖШС жаңа үлгідегі қорабы кең 116 жолаушыларға барынша қолайлы вагондарын зауыттан шығарды.
Жылжымалы құрамның жолаушылар және жүк тартымы инновациялық өндірісінен тепловоздар мен электровоздар, ұзындығы 120 метрлік термотөзімді 200 шақырымдық қозғалысқа бейімделген рельстер шығарылуда.
Қазіргі таңда қазақстандық теміржол өнімдері АҚШ-тың 100 миллион доллары көлемінде экспортқа жіберілді. 2020 жылдарға дейінгі экспорттық әлеует 3 млрд АҚШ доллары көлемінде болады деп болжануда. Өнімдерді өткізу нарығы Еуразиялық құрлықтағы 18 мемлекеттік қамтыды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ республикамыздағы вагон құрыстыру саласын дамытудың ұзақ мерзімдік кешенді бағдарламасын жасауда. Жолаушылар және жүк вагондарын лизингтік әдістермен несиелеуге және оны субсидиялық 8-ден 5 пайыздық мөлшерлеме көлемінде қайтарымсыз қаржымен қамтамасыз етудің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
ҚР Теміржол көлігі туралы Заңына отандық теміржол көлігі кәсіпорындарының өнімін экспортқа шығаруға жеңілдіктер жасау туралы тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Теміржол көлігі машиналарын жасау саласындағы әлеуетінің күшеюіне байланысты осынау шаралар кәсіпорындардың бәсекелестікке бейім жаңа нарықтарды игеруіне, өндіріс орындарын қосымша тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын сақтауға, сол арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталады.
Отырыс соңында саладағы бірқатар мамандар "Құрметті машинажасаушы" белгісімен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу