16 сәуірден бастап ҚТЖ-ға транзиттік тасымалдауға баға көлемін индексті 1-ден 3-ке дейін көтеру арқылы 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өткен жылы реттелетін тарифтер көлемі 24%-ға ұлғайды. Соның есебінен Қазақстан темір жолы 58 мыңға жуық қызметкерлерінің айлығын өсіріп, 88 локомотив сатып алуға, жалпы инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады, деп сендірді Ұлттық экономика вице-министрі. Магистралдық теміржол қызметінің тарифы биыл 14%-ға ұлғайтылды, ал локомотив тарту бойынша өтінім комитеттің қарауында жатыр.
"Ал одаққа кіретін елдердің тасымалдаушылардың тарифіне қатысты айтар болсам, биыл мәселе шешілді десем болады. 16 сәуірден бастап ҚТЖ-ға транзиттік тасымалдауға баға көлемін индексті 1-ден 3-ке дейін көтеру арқылы 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік берілді. Экспорттық тауар тасымалында да дәл осы түзету қолданылады, бірақ шешімді бір ҚТЖ ғана емес, экономиканы жаңғырту бойынша комиссия шығарады", — деп түсіндірді Бауыржан Омарбеков.